— «Әділет» партиясы жаңа Конституциядағы құндылықтар мен ұстанымдарды қоғамдық саясатқа, жасампаз реформаларға және әр азаматқа сезілетін нақты нәтижелерге айналдыруды тарихи миссиясы деп есептейді. «Әділет» партиясы жаңа Конституция құндылықтарын іске асыруда және жаңа конституциялық дәуірде Қазақстанның өркендеп дамуын қамтамасыз етуде көшбасшы саяси күштердің бірі болатынына сенімдіміз, — деді «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай.
Оның сөзінше, партияның бүгінгі съезд — осы миссияны іске асырудағы маңызды оқиға.
— Мұндай қабылданған шешімдер бір ғана партияның алдағы бес жылдағы бағытын айқындап қоймайды, олар еліміздің жаңа дәуірдегі саяси бағыт-бағдарын, тұжырымдамалық мақсат-мұратын, мемлекет пен қоғамның үйлесімді даму жолын айқындайтын ортақ ұстанымды білдіреді. Жаңа ғана толықтырылып, жаңғыртылған «Әділет» партиясының жарғысы, қабылданған сайлауалды бағдарламасы, бекітілген партиялық тізім, осында айтылған ой-тұжырымдар мен ұсыныс-тілектер халқымыздың сенімінен шығатын нақты іске айналуы тиіс. Сондықтан бүгінгі съездің жауапкершілігі де, тарихи маңызы да ерекше, — деді Айбек Дәдебай.
