Батбаққа батқан бұқара: СҚО-дағы ауылда әлі күнге дейін асфальт жоқ
Коллаж: qazaqtoday.info
Солтүстік Қазақстан облысындағы Смирново және Қиялы ауылдарындағы, сондай-ақ Петропавлдың Первомайская көшесіндегі мына масқара батпақ тұрғындардың ашуын келтіріп отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан жолдардың осы сорақы күйі анық көрінеді, бұл жерден көлікпен жүру түгілі жаяу өту мүмкін емес.
Ең қызығы, әкімдік қарапайым жұртты аула сыртындағы аздаған тәртіпсіздік үшін айыппұл салуға өте шебер екен, бірақ өздерінің жауапкершілігіндегі батпақ жолдарды жөндей алмай отыр.
Жыл сайын бюджеттен ақша бөлінсе де, шеттегі халықтың инфрақұрылымы әлі де осындай аянышты күйде. Жергілікті шенеуніктер тек халықты жазалауды ғана білмей, өз міндеттерін адал атқаруды қашан қолға алады?
