Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды

    Таразда әкімдіктің кесірінен тұрғындар шыбын-шіркейге таланып отыр

    Таразда әкімдіктің кесірінен тұрғындар шыбын-шіркейге таланып отыр

    Фото: aiqyn.kz

    Тараз қаласындағы Абай көшесі, 132-үйдің қасбетін жөндеген мердігерлердің салғырттығы тұрғындарды бітпейтін әуреге салды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Екінші кіреберістің үстіне орнатылған прожектор желден қисайып, қазір ауланы емес, тура пәтердің терезесін бағыттап тұр. Түн баласы көзді қарықтыратын жарықтың кесірінен терезе алдына үймелеген шыбын-шіркей мен масалар масаханадан өтіп, үй ішіне толып кеткен.

    Әсіресе, кішкентай балалардың денесі шіркей шаққаннан дуылдап, қатты ісіп, тұрғындардың қалыпты өмір сүруі мүлдем қиындады. Халықтың мұңын тыңдап, мердігерлердің жұмысын қадағалауы тиіс жергілікті әкімдік болса, бұл мәселеге әлі күнге дейін бас ауырпай отыр.

    Қала билігінің немқұрайлылығы мен бақылаудың жоқтығы қарапайым халықты өз үйінде отырып зардап шегуге мәжбүр етті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →