Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды •

    Түркістанда балалар ауруханасын тарақан басып кеткен

    Түркістанда балалар ауруханасын тарақан басып кеткен

    Фото: видеодан скриншот

    Әлеуметтік желіде Түркістан қалалық инфекциялық ауруханасында түсірілген видео тарап, жұрттың ашуын туғызды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Онда ем алып жатқан титімдей балалардың қасында, палата қабырғаларында өріп жүрген тарақандар анық көрінеді. Санитарлық талаптар мүлдем сақталмаған: инфекциялық бөлімде тазалықтың орнына антисанитария жайлап тұр.

    Ең сорақысы — бұл жағдайға облыс пен қала әкімдігі тарапынан ешқандай бақылаудың жоқтығы. Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапты жергілікті билік пен денсаулық сақтау басқармасы мұндай масқараға көз жұмып отырғандай.

    Балалардың өмірін қауіпке тіккен жауапсыз шенеуніктер мен аурухана басшылығы тез арада жауапқа тартылып, тексеріс жүргізілуі тиіс.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →