Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Астанада адам өліп, үш баланың анасы аяғынан айырылды: құрылыс қауіпсіздігін кім бақылап отыр? Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Астанада адам өліп, үш баланың анасы аяғынан айырылды: құрылыс қауіпсіздігін кім бақылап отыр?

    Жетісу әкімі білім бөлімі экс-басшысының өліміне қатысты ақпарат берді

    Марқұм Роза Барманованың Талдықорған қалалық білім бөлімінің бухгалтерлеріне қатысты қылмыстық іске қатысы бар немесе жоқ екені тергеу нәтижесінде анықталады. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, – деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БАҚ өкілдері облыс басшысынан өзен жағасынан мәйіті табылған бұрынғы Талдықорған қалалық білім бөлімі басшысының өліміне қатысты мән-жайларды сұрады.

    «Кеше Қаратал өзенінің жағасынан Талдықорған қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысы Роза Барманованың мәйіті табылды. Қазіргі уақытта оны құзырлы органдар тексеріп жатыр. Рас, Талдықорған қалалық білім бөлімінің бухгалтерлеріне қатысты үлкен қылмыстық іс қозғалды. Мен алдын ала еш нәрсе айта алмаймын. Марқұм Роза Барманованың бұл іске қатысы бар ма, жоқ па деген сауалға жауап құқық қорғау органдарының тергеу нәтижесінде анықталады. Менің білетінім, Роза Барманова былтыр тамыз немесе қыркүйек айында басқа бір заңбұзушылық, атап айтқанда мектеп гаждеттеріне байланысты іс қозғалып, жұмысында кемшіліктер болып, ол кісіге айыппұл салынды. Кейін ол кісі қызметінен алынған болатын», – деп жауап берді Бейбіт Исабаев.

    Еске салайық, кеше Талдықорғанның білім саласын 2016-2022 жылдары басқарған Роза Барманованың мүрдесі Қаратал өзенінің жағасынан табылды.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →