Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырғандар сотталды Жаңа адамдар қозғалысы Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті Ақмола облысында полицейді балағаттаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды «Байтақ» съезінде өзінің партияластары Азаматхан Әміртайды ауыстыруды талап етті (ВИДЕО) Ақтаудағы атыс: дәмханада жігіті елдің көзінше атып кетті (ВИДЕО) 3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырғандар сотталды Жаңа адамдар қозғалысы Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті Ақмола облысында полицейді балағаттаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды «Байтақ» съезінде өзінің партияластары Азаматхан Әміртайды ауыстыруды талап етті (ВИДЕО) Ақтаудағы атыс: дәмханада жігіті елдің көзінше атып кетті (ВИДЕО)

Жаңа адамдар қозғалысы Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды

Жаңа адамдар қозғалысы Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды

Астанада Әділет партиясының «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбындағы стратегиялық сессиясы өтті. Іс-шараға сарапшылар, қоғам қайраткерлері және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Кездесуде жастардың жасампаз әлеуетін біріктіру және жаңа қоғамдық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Qazaqtoday.Info.

Жиында Жаңа адамдар қозғалысының негізін қалаушы, Әділет партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Әсел Баденова сөз сөйлеп, жастардың қоғамдық өзгерістердегі рөліне тоқталды. Оның айтуынша, Конституциялық реформалар жастардың елдегі өзгерістерге белсенді қатысуына жаңа мүмкіндік беріп, оларды реформаларды іске асырудағы маңызды серіктеске айналдырды.

Сессия барысында Әсел Баденова Жаңа адамдар қозғалысы мен «Дала қырандары» ұйымының бастамасымен Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды. Оның айтуынша, жаңа алаң өңірлердегі жастар ұйымдары мен белсенді жастарды біріктіруге бағытталады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Конституцияның жастарға бағытталғанын және оның әлеуеті жас буынның реформаларға белсенді қатысуы арқылы ашылатынын бірнеше рет атап өтті. Бүгінде жастар қоғамдық өзгерістерге белсенді араласып, әділеттілік, даму, заң мен тәртіп қағидаттарын күнделікті өмірде іске асырудың жаңа тетіктерін ұсынып келеді», – деді Әсел Баденова.

Сондай-ақ ол Жаңа адамдар қозғалысының өкілдері Әділет партиясының өңірлік филиалдары жанындағы Саяси кеңестердің құрамына енгенін айтты. Оның сөзінше, олар өңірлік деңгейде партияның басым бағыттарын талқылауға және дамытуға қатысып жатыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика