Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Элиталық тұқым үлесі 12%-ға жетті, 2,2 млн тонна тыңайтқыш қолданылды • Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Элиталық тұқым үлесі 12%-ға жетті, 2,2 млн тонна тыңайтқыш қолданылды • Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды •

    Бурабайда квадроциклмен аударылған бойжеткен қайтыс болды

    Бурабайда квадроциклмен аударылған бойжеткен қайтыс болды

    Фото: Pixabay

    Бурабайда бойжеткен квадроциклды басқара алмай, аударылып кеткен. Алған жарақаттарынан Астананың 22 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Алған жарақаттарынан бойжеткен оқиға орнында мерт болды. Квадроциклдің жолаушысы — елорданың 2007 жылғы тұрғыны медициналық көмекке жүгінді», – деп хабарлады Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі.

    ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда. Соның ішінде квадроциклдерді жалға беру пунктінің қызметін, мототехниканы жалға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуын, сондай-ақ қайғылы жағдайға әкеп соқтырған басқа да ықтимал себептерді тексеріп жатыр.

    Полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын квадроциклдер мен басқа да мототехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

    Сапарға шықпас бұрын көлік құралының саулығына көз жеткізу, қорғаныс құралдарын (экипировка) пайдалану, қауіпсіз жылдамдықтан асырмау және белгіленген талаптарды елеусіз қалдырмау қажет.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →