Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады

    Шахтинск әкімдігі уәдені үйіп, халықты батпаққа батырып қойды

    Шахтинск әкімдігі уәдені үйіп, халықты батпаққа батырып қойды

    Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қаласындағы Мәскеу және Станционная көшелерінің қиылысында (27-орам, «Болашақ» аялдамасының маңы) жол жөндеу жұмыстары сиырқұймышақтанып кетті. Мердігер компания асфальтты қазып тастап, уәде бергенімен, жұмысты соңына дейін жеткізбей, сол күйі тастап кеткен, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Жауын жауса болды, бұл аймақ өткел бермес теңізге айналып, тұрғындар үйлеріне жету үшін тізеден келетін лай мен батпақты кешуге мәжбүр. Салықты уақытылы төлеп отырған халық күнделікті кедергілерден өтуден шаршағанын және құлап, жарақат алу қаупі жоғары екенін айтып шағымдануда.

    Тұрғындар есеп беруге ғана шебер жергілікті әкімдіктің бұл жауапсыздығына наразы болып, шенеуніктердің өздерін жаңбырдан кейін осы жолмен жаяу жүріп өтуге шақырды.

    Фото: Freepik

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →