Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды? Қазақ жігіті негізін қалаған британдық TaiSan стартапы 4,65 млн фунт инвестиция тартты Қазақстанда алма әкелуге уақытша тыйым салынуы мүмкін Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды? Қазақ жігіті негізін қалаған британдық TaiSan стартапы 4,65 млн фунт инвестиция тартты Қазақстанда алма әкелуге уақытша тыйым салынуы мүмкін

Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде

Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде

Фото: Видеодан скрин

Жезқазғанда маусымның ортасынан бері жауған әр жаңбыр жоғарғы қабатта тұратын зейнеткерді тығырыққа тіреп, үйін осымен 8 рет су басты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты. 

Үй қабырғалары көгеріп, сыздан тұрғынның аллергиясы қозып кеткен, алайда жергілікті ПИК (КСК) 25 жыл ішінде бірде-бір рет шатырды жөндемегенін айтып, жауапкершіліктен қашып отыр. Көршілерінің көбі зейнеткерлер болғандықтан, қымбат жөндеу жұмыстарына өз бетінше ақша жинау мүмкін емес. Буыны сырқырап, ауру меңдеген әйел төбеден аққан суды еденде еңбектеп жүріп, шүберекпен жинауға мәжбүр.

Ал Жезқазған қаласының әкімдігі «алдағы 2-3 айға кезек толып тұр» деген сылтаумен, апатты жағдайда өмір сүріп жатқан азаматты қабылдаудан бас тартқан. Өңірдегі жауапты шенеуніктердің мұндай селқостығы мен тасбауырлығы халықтың мұң-мұқтажына бас қатырғысы келмейтін жүйенің нақты сипатын көрсетіп отыр.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика