Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Қазақстандық жасөспірімдер түнгі мекемелерден алынды Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды? Қазақ жігіті негізін қалаған британдық TaiSan стартапы 4,65 млн фунт инвестиция тартты Қазақстандық жасөспірімдер түнгі мекемелерден алынды Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды? Қазақ жігіті негізін қалаған британдық TaiSan стартапы 4,65 млн фунт инвестиция тартты

Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады

Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады

Фото: Видеодан скрин

Балқаш қаласында жауын жауса болды, Желтоқсан көшесіндегі 12-үйдің маңы кәдімгі көлге айналып, инфрақұрылымның сорақы күйін паш етеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты. 

Су деңгейі жиектасқа дейін көтеріліп, ортасында қалған көліктердің қозғалтқышы өшіп, жаяу жүргіншілердің жолы мүлдем кесілді. Тұрғындар бұл созылмалы масқараға нөсер арықтарының мүлдем жоқтығы немесе қоқысқа толып, уақытылы тазаланбауы себеп деп ашынады. Әр жауын сайын асфальт шайылып, мемлекет қаржысы суға ағып жатса да, Балқаш қаласының әкімдігі бұл мәселеге бас ауыртып, селт етер емес.

Халықтың қауіпсіздігі мен жайлылығын артқы шегіндірген жергілікті билік коммуналдық апаттың алдын алуға әлі күнге дейін қауқарсыздық танытып отыр. Жауапты шенеуніктер шұғыл түрде су бұру жүйесін ретке келтірмесе, Желтоқсан көшесіндегі бұл «жасанды теңіз» тұрғындарды әлі талай әбігерге салары анық.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика