Басты бет » Қаржы сарапшысы: “Парламенттің экономикалық әсері 30 млрд долларға жетті”

Қаржы сарапшысы: “Парламенттің экономикалық әсері 30 млрд долларға жетті”

Қаржы сарапшысы Айбар Олжай: Парламенттің экономикалық әсері 30 млрд долларға жетті

Қазақстан Парламентінің экономикаға тигізген әсері 30 миллиард долларды құрады деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты. Бұл туралы қаржы сарапшысы Айбар Олжай өз сараптамасында айтты.

Сарапшының айтуынша, Парламент қабылдаған заңдардың 10 пайызы депутаттардың өздері әзірлеген, ал 90 пайызы талқыланып, бекітілген. Осыған сүйене отырып, Парламенттің ІЖӨ-нің 10 пайызына мультипликативті әсер еткенін есептеуге болады. Бұл экономикаға 30 миллиард доллар көлемінде ықпал деген сөз.

Енді Қазақстан Парламенттің ізбасары ретінде Құрылтайды заң шығарушы ғана емес, жаңа экономикалық логиканы жасаушы ретінде көріп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдыруымыз керек» деп, жаңа циклдің басталғанын білдірді. Президент бұл процесті жаңа Құрылтаймен бірге бастағысы келеді. Ескі архитектура өз мақсатын орындап, енді жаңа платформаға көшу қажет.

Жаңа Құрылтай әлеуметтік саясатта қатаң болады. Тоқаев ақшаны тұтынуға емес, нақты активке айналдыру керектігін айтты. «Қаражат деген уақытша дүние, оның құны жыл сайын төмендеп бара жатыр. Ал оны тиімді пайдалану – нақты нәтижелерге қол жеткізу, тиісті нысандарды өскелең ұрпақтарға аманат етіп қалдыру», – деді Президент. Бұл бюджеттің жаңа философиясы: ақша әлеуметтік төлемдерге емес, инфрақұрылымға – жолға, теміржолға, әуежайға, су жүйесіне, өндіріс орындарына жұмсалуы тиіс. Сонда ғана бюджет болашақ ұрпаққа актив қалдырады.

Сарапшының айтуынша, мемлекет енді ақшаны тікелей беруден гөрі, жұмыс орындарын ашуға, таза ауыз су, асфальт жол, ыңғайлы қоғамдық көлік ұсынуға басымдық береді. Әлеуметтік бюджеттің беру жағы қысқарып, қаражат даму бюджетіне ауысады. Бұл жұмысты Excel-мен жұмыс істейтін, сөйлеуді ұнатпайтын экономистер атқарады, ал популистер өз ауылдарына қайтады.

Президент Тоқаев Парламенттің соңғы жылдары көлік-логистика саласына заңнамалық тірек жасау арқылы экономикаға оң әсер еткенін атап өтті. 2023 жылдан бері осы саланы дамытуға бағытталған 8 заң қабылданып, бірқатар халықаралық келісім ратификацияланған. Нәтижесінде Орта дәліз арқылы тасымалданатын жүк көлемі алты жылда бес есе өсіп, бір жылда 4 миллион тоннадан асқан. Көлік министрлігінің дерегінше, Транскаспий бағыты бойынша жүк көлемі 2020 жылы 0,8 млн тоннадан 2024 жылы 4,5 млн тоннаға жеткен, ал 2027 жылға қарай өткізу қабілетін 10 млн тоннаға жеткізу жоспарланған.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика