Астанадағы «Әлем» базарында санитарлық талаптардың сақталмай, ет бетінде көк шыбындардың өріп жүргені Сауда және интеграция министрлігінің нарықтағы бақылауды мүлдем босатып жібергенін көрсетеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Сауда министрі Арман Шакқалиев бұл масқара жағдайға тек желіде шу шыққаннан кейін ғана назар аударып, тексеру жүргізуге уәде берді.
Тұтынушылардың құқығын қорғап, сауда орындарындағы тазалықты жіті қадағалауы тиіс ведомствоның осы уақытқа дейін немен айналысқаны үлкен сұрақ тудырады. Министрлік нақты жүйелі жұмыс істеудің орнына, әлеуметтік желідегі бейнежазбалардан соң ғана әрекет ететін «өрт сөндіруші» режимінен аса алмай отыр.
Елдегі ең ірі базарлардағы мұндай бақылаусыздық пен сапасыздыққа салалық министрліктің тікелей жауапсыздығы себеп деп айтуға толық негіз бар.
Фото: istockphoto
