Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды

    «Ақша алудың амалы»: Қарағандыдағы жөндеу жұмысы халықтың ашуын тудырды

    «Ақша алудың амалы»: Қарағандыдағы жөндеу жұмысы халықтың ашуын тудырды

    Фото: видеодан скрин

    Қарағанды қаласындағы Республика даңғылында басталған жол жөндеу жұмысы жергілікті тұрғындар арасында үлкен дау тудырып жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан мердігерлердің әлі де бүлінбеген, тап-тұйнақтай болып тұрған асфальттың бетін қырып тастағанын анық көруге болады.

    Бұл жағдайға ашуланған жүргізушілер онсыз да тапшы бюджеттің қаржысы неліктен орынсыз шығындалып жатқанына заңды түрде наразылық білдіруде. Тұрғындардың бұл сыны өңірдегі инфрақұрылымдық жобаларды бақылаусыз қалдырған облыс пен қала әкімдігінің тиімсіз жұмысын тағы да әшкерелеп берді. Халық бюджет миллиондарын желге ұшырғанша, қаланың шынымен де тесік-тесік болып жатқан өзге шеткері көшелерін неге жөндемеске деген сұрақты төтесінен қойып отыр. Әзірге жергілікті билік бұл сорақылыққа қатысты мардымды жауап беріп, өзін ақтап үлгерген жоқ.

    Видео: with_sayazhan

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →