Басты бет » Тегін тексеруге барған 30 адамнан қатерлі ісік анықталды

Тегін тексеруге барған 30 адамнан қатерлі ісік анықталды

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Еліміздің онкологиялық орталықтарында өткен Бірыңғай ашық есік күні барысында қатерлі ісіктің 30 жағдайы анықталды, деп хабарлайды 24.kzсілтіме жасаған Qazaqtoday.info.

Республиканың барлық онкологиялық орталықтарында онкоурологиялық аурулардың алдын алу және оларды ерте анықтауға арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өтті. Мамандардың айтуынша, уақтылы диагностика нәтижесінде тексеруге келген азаматтар арасында 30 қатерлі ісік жағдайы, 43 обырға дейінгі өзгеріс және қосымша тексеруді қажет ететін 287 өзге ауру анықталған.

Акция аясында тұрғындар онкоурологтар мен бейінді мамандардан тегін кеңес алып, профилактикалық тексерулерден өтті. Барлығы 579 адам қабылданды, 386 диагностикалық зерттеу жасалды, оның ішінде 14 төмен дозалы компьютерлік томография жүргізілген.

Іс-шараның негізгі мақсаты – халық арасында онкологиялық аурулардың қауіп факторлары, алдын алу жолдары және ерте диагностиканың маңызы туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру.

Дереккөз: 24.kz

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика