Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр

    Алматылық әйел аулада босанып қалды

    Алматылық әйел аулада босанып қалды
    Фото: kris_p_almata

    Қазіргі уақытта баласы мен анасының жағдайы жақсы деп бағалануда, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.   

    Сирек кездесетін жайт Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы «Шұғыла» шағын ауданында орналасқан тұрғын үй кешенінің ауласында тіркелген.

    Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем қызметіне шақырту таңғы сағат 06:21-де түскен. Дәрігерлер бригадасы оқиға орнына небәрі 10 минут ішінде жеткен.

    Медициналық қызметкерлер келген кезде әйел босанудың белсенді кезеңінде болған. Соның салдарынан нәресте жедел жәрдем зембілінде дүниеге келген.

    Дүниеге салмағы 3 370 грамм қыз бала келген. Дәрігерлердің айтуынша, босану сәтті өткен.

    Қазір анасы мен жаңа туған сәби дәрігерлердің қатаң бақылауында, екеуінің де жағдайы жақсы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →