Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Үндістандағы діни мерекеде 17 адам қаза тапты • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • «Қазгидромет» 18 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты • Үндістандағы діни мерекеде 17 адам қаза тапты • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • «Қазгидромет» 18 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты •

    «Арым таза, жүкті емеспін»: Жігер Ауыпбаевтың өзінен 15 жас кіші сүйіктісі мәлімдеме жасады

    «Арым таза, жүкті емеспін»: Жігер Ауыпбаевтың өзінен 15 жас кіші сүйіктісі мәлімдеме жасады

    Коллаж: qazaqtoday.info

    Танымал әнші Жігер Ауыпбаевтың өзінен 15 жас кіші сүйіктісі Мумина әлеуметтік желідегі сынға жауап берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Мумина желідегі парақшасында оқырмандардың түрлі пікіріне қатысты ойын білдіріп, көпшілікті орынсыз әңгімеден аулақ болуға шақырды.

    «Адамның алдында ақталмаймын. Алланың алдында арым таза! «Жүкті болып тұрмысқа шыққан» деген секілді өз ақыретіне бейжай қарайтын хейтерлеріме айтарым: Аллаға сансыз шүкір, ата-анамның берген тәрбиесін аяққа таптайтын арсыз жан емеспін. Ақыреттік амал дәптерлеріңізді қарай амалға толтырсаңыздар да өздеріңіз білесіздер. Ал бізге шынайы бақыт тілеп жатқан жандарға алғысым шексіз», – деп жазды.

    Айта кетейік, әнші  Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші Мумина есімді арумен шаңырақ көтеруге ұсыныс жасады. Әлеуметтік желіде әншінің қалыңдығын  ұзатып алып кеткен  видеолары тарады. Көпшілік оларды жас айырмашылығы мен әншінің екінші рет үйленуіне байланысты сынның астына алды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →