Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда инвесторлар мен цифрлық актив иелеріне арналған салық өзгерістері ұсынылды Тоқаев Мелониді Италия Үкіметінің тарихи жетістігімен құттықтады Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Қазақстанда инвесторлар мен цифрлық актив иелеріне арналған салық өзгерістері ұсынылды Тоқаев Мелониді Италия Үкіметінің тарихи жетістігімен құттықтады Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген

    Астанада жолаушылар мінген автобустан өрт шықты

    Астанада жолаушылар мінген автобустан өрт шықты

    Фото: Видеодан скрин

    Астана қаласының Есіл ауданында қатынап жүрген маршруттық автобус отқа оранды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты. 

    Төтенше жағдай Әл-Фараби даңғылының бойында болған. Тілсіз жау алдымен қоғамдық көліктің мотор бөлігінен тұтанған.

    Қауіпті байқаған жолаушылар құтқарушылар келіп жеткенше салоннан өз бетінше аман-есен шығып үлгерген. Хабарлама түскен бойда оқиға орнына құзырлы ведомство бөлімшелері мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары жедел жетті.

    Өрт сөндірушілер жалынның бетін тез қайтарып оны дер кезінде ауыздықтады. Мамандардың шапшаң әрекетінің арқасында қызыл жалын тұтас автобусқа таралып үлгермеді. Бұл жағдайда ешкім зардап шеккен жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →