Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Үндістандағы діни мерекеде 17 адам қаза тапты • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • «Қазгидромет» 18 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты • Үндістандағы діни мерекеде 17 адам қаза тапты • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • «Қазгидромет» 18 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты •

    «Құшағыма қош келдің»: Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісіне ұсыныс жасады

    «Құшағыма қош келдің»: Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісіне ұсыныс жасады

    Коллаж: qazaqtoday.info

    Белгілі әнші Жігер Ауыпбаев жеке өміріндегі қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіктісіне ұсыныс жасаған сәттен бейнежазба жариялады.

    Әншінің айтуынша, бұл видеоны жариялау туралы ұзақ уақыт ойланған.

    «Бұл видеоны жариялау туралы ұзақ ойландым. Бірақ енді жасыратын ештеңе қалмады», – деп жазды ол.

    Сондай-ақ Жігер Ауыпбаев болашақ жарына арнап жүрекжарды өлең жолдарын арнады.

    «Сендей сұлу болмайды екен маралым,
    Нұрлы бақта өскен гүл.
    Судан таза, сүттен аппақ адалым,
    Құшағыма қош келдің!» – деп жазды әнші.

    Әнші өмір бойы іздеген адамын тапқанын айтып, «Иә» деген жауапты алғанын қуанышпен жеткізді.

    «Көп адам өмір бойы өз адамын іздейді. Мен іздегенімді таптым. Бүгін жүрегімдегі ең маңызды сұрақты қойдым. Ол «Иә» деді»,– деп жазды Жігер Ауыпбаев.

    Желі қолданушылары өнер иесінің қуанышына ортақтасып, құттықтау тілектерін жолдады. Алайда кейбір оқырман жас айырмашылығына қатысты оның бұл қадамына сынмен қарады.

    «Бақытты болыңдар», «Құтты болсын», «Балаларына не үлгі көрсетіп отыр?», «Қыздар, оқысаңыздаршы», «Үнді киносынан үлкен еркекке кішкентай қызды беретінін көретін едік», «Жетісіп қалыпты», «Түк жараспайды», «Тағы жастауы кездесіп, тастап кетпе»,– деп жазды оқырмандар.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →