Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда инвесторлар мен цифрлық актив иелеріне арналған салық өзгерістері ұсынылды Тоқаев Мелониді Италия Үкіметінің тарихи жетістігімен құттықтады Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Қазақстанда инвесторлар мен цифрлық актив иелеріне арналған салық өзгерістері ұсынылды Тоқаев Мелониді Италия Үкіметінің тарихи жетістігімен құттықтады Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген

    Каспий теңізінде жоғалған 27 жастағы жігіттің денесі табылды

    Каспий теңізінде жоғалған 27 жастағы жігіттің денесі табылды

    Фото: Ашық дереккөз

    Маңғыстау облысында Каспий теңізінде жоғалған 27 жастағы жігіттің бес күндік іздеу жұмысынан кейін денесі табылды, деп хабарлады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.   

    Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, марқұмның денесі 26 маусым күні сағат 18:30 шамасында Ақтаудан 65 шақырым қашықтықта орналасқан демалыс базаларының бірінің маңынан табылған.

    Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД-ның 9 құтқарушысы, арнайы техника мен жүзу құралдары, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери бөлімінің және Әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлері жұмылдырылды

    Еске салайық, қайғылы оқиға 21 маусым күні Ақтаудан 56 шақырым жердегі жабдықталмаған жағажайда болған. Каспий теңізінде шомылу кезінде 27 жастағы ер адам суға кетіп, із-түзсіз жоғалған еді.

    Мамандар демалушыларды құтқарушылар кезекшілік ететін және қауіпсіздік талаптары сақталған ресми жағажайларда ғана шомылуға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →