Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті •

    Елді еңіреткен Ербаян: Астаналықтар әскердің құрбаны болған жас сарбазды ақтық сапарға шығарып салды

    Елді еңіреткен Ербаян: Астаналықтар әскердің құрбаны болған жас сарбазды ақтық сапарға шығарып салды

    Фото: видео скриншот

    Бүгін, 26 маусымда, Астанада әскердегі қызметі кезінде алған жарақатынан ұзақ уақыт емделіп, кейін қайтыс болған Ұлттық ұланның бұрынғы әскери қызметкері Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Қоштасу рәсімі Шейх Кунта Қажы атындағы мешітте өтті. Ербаянды ақтық сапарға шығарып салуға жүздеген адам – туған-туыстары, жақындары, достары және оған жанашыр болған қазақстандықтар жиналды.

    Сондай-ақ, рәсімге бір автобуспен келген Ұлттық ұланның өкілдері мен әскери қызметшілері қатысты. Алайда олар журналистердің сұрақтарына жауап беруден бас тартты.

    Ер адамдар жаназа намазын оқып, кейін Ербаянның мәйіті жерлеу үшін зиратқа жеткізілді. Айта кетейік, Ербаян Мұхтар екі жыл емделіп, ақыры сол қалпы өмірге қайта орала алмады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →