Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қалдықты бөлек жинаудан қайта пайдалануға дейін: Алматыда қалдықтарды өңдеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр • Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді • Ризабек Айтмұқан Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевтан жеңіліп қалды • «Бекболат Тілеуханның күйеу баласы болған»: әнші Мырзаханның бірінші некесіне қатысты дерек шықты • Астанада автобустың қатысуымен сұмдық оқиға тіркелді (ВИДЕО) • Жатақханадан медициналық пунктке дейін: «Қазақмыс» жұмыскерлерге арналған нысандарды жаңартуда • Қалдықты бөлек жинаудан қайта пайдалануға дейін: Алматыда қалдықтарды өңдеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр • Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді • Ризабек Айтмұқан Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевтан жеңіліп қалды • «Бекболат Тілеуханның күйеу баласы болған»: әнші Мырзаханның бірінші некесіне қатысты дерек шықты • Астанада автобустың қатысуымен сұмдық оқиға тіркелді (ВИДЕО) • Жатақханадан медициналық пунктке дейін: «Қазақмыс» жұмыскерлерге арналған нысандарды жаңартуда •

    Әлихан Смайылов кейбір жобаларда бюджетті түзету көлемі 90 пайызға жеткенін мәлімдеді

    Әлихан Смайылов кейбір жобаларда бюджетті түзету көлемі 90 пайызға жеткенін мәлімдеді

    Фото: gov.kz

    Мемлекеттік органдар республикалық бюджетке Парламенттің қосымша қарауынсыз-ақ елеулі өзгерістер енгізіп келген. Кейбір бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыны қайта бөлу көлемі 90%-ға дейін жеткен. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді.

    Жоғары аудиторлық палата төрағасы бюджет заңнамасындағы бірқатар жүйелі мәселеге назар аударды. Оның айтуынша, қолданыстағы тәртіп мемлекеттік органдарға республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген қаражатты Парламенттің қатысуынсыз қайта бөлуге мүмкіндік беріп отыр.

    «Мемлекеттік органдарға өз бюджеттеріне нақтылау жүргізбей-ақ, 15 пайыздық шек аясында өзгеріс енгізуге рұқсат берілген. Алайда бұл тетік жан-жақты қайта қарауды қажет етеді. Өйткені әрбір түзетуден кейінгі көлем негізге алынатындықтан, сегіз рет өзгеріс енгізу арқылы бастапқыда бекітілген бюджеттің басым бөлігін қайта бөлуге болады. Іс жүзінде кейбір бюджеттік бағдарламалар бойынша мұндай қайта бөлу көлемі 90 пайызға дейін жеткен. Бұл Парламент республикалық бюджет туралы заң жобасын қарау кезінде жан-жақты талқылап, бекіткен параметрлерден айтарлықтай ауытқуға жол ашады», – деді Әлихан Смайылов.

    Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата мұндай түзетулердің шегін заң жүзінде нақтылап, олардың Парламент бақылауында болуын қамтамасыз етуді ұсынып отыр.

    Сонымен қатар Әлихан Смайылов қаржы тапшылығы жағдайында блоктық бюджеттеу тәсілінің тиімділігіне де күмән келтірді.

    «Қаржы тапшылығы жағдайында әрбір шығыстың басымдығын айқындау ерекше маңызды. Осындай кезде блоктық бюджеттеу өзінің тиімділігін толық көрсете алмай отыр. Сондықтан пилоттық негізде енгізілген мемлекеттік органдардың тәжірибесін жан-жақты саралап, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылдау қажет деп санаймыз», – деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →