Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды

    «Жынды ма ол?»: Нағима Есқалиева Роза Рымбаеваға ұрысып тастады (ВИДЕО)

    «Жынды ма ол?»: Нағима Есқалиева Роза Рымбаеваға ұрысып тастады (ВИДЕО)

    Коллаж: qazaqtoday.info

    Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева әріптесі Роза Рымбаеваның сахнамен қоштасуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тимур Балымбетовке берген сұхбатында әнші соңғы кезде Роза Рымбаеваның өнерден кету жайлы жиі айтатынына қатысты сұраққа жауап берді.

    Нағима Есқалиеваның айтуынша, Роза Рымбаеваның сахнадан біржола кетуі екіталай. Ол әріптесінің бүкіл ғұмыры өнермен тығыз байланысты екенін атап өтті.

    «Ол қайда кетеді? Алла Пугачеваның өзі талай рет сахнадан кететінін айтып, қайта оралған. Роза да өнерсіз ұзақ жүре алмайды. Немерелерінің жанында біраз отырғанымен, бәрібір сахнаны сағынады. Өйткені сахна – оның өмірі», – деді әнші.

    Сонымен қатар Нағима Есқалиева Роза Рымбаеваны бірнеше рет ұстаздық қызметке шақырғанын айтты. Алайда өнер иесі бұл ұсынысты қабылдамаған.

    Оның пікірінше, Роза Рымбаева академияда дәріс берсе, жас таланттарға бағыт-бағдар көрсетіп, білікті педагог болар еді.

    «Егер ол біздің академияда сабақ берсе, көптеген студенттің жолын ашар еді. Өте мықты ұстаз болатын еді», – деп түйіндеді Нағима Есқалиева.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →