Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • «Қазгидромет» 18 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты • Астанада ер адамды үш метрлік траншеядан экскаватормен шығарды • Жаңаөзенде жеті айлық нәресте желдеткіштен үш саусағынан айырылды • «Во все тяжкие» сериалының жұлдызы АрДжей Митт суицидтен қайтыс болды • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • «Қазгидромет» 18 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты • Астанада ер адамды үш метрлік траншеядан экскаватормен шығарды • Жаңаөзенде жеті айлық нәресте желдеткіштен үш саусағынан айырылды • «Во все тяжкие» сериалының жұлдызы АрДжей Митт суицидтен қайтыс болды •

    Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Премьер-министрінің орынбасарымен кездесті

    Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Премьер-министрінің орынбасары Сихасак Пуангкеткеомен кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды талқылады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Премьер-министрінің орынбасарымен кездесті

    Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткеомен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, оның сапары Қазақстан мен Таиланд арасындағы қарым-қатынасқа жаңа серпін беретінін атап өтті. «Сіздің еліңіз Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жетекші экономикалардың бірі, Жаһандық Оңтүстіктің маңызды өкілі әрі халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі саналады. Қазақстан Таиландпен өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі. Келесі жылы елдеріміз арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 36 жыл толуын атап өтеміз», – деді Президент.

    Мемлекет басшысы екіжақты сауда-экономикалық байланыстардың қарқыны артып келе жатқанын айтты. Бұған визасыз режим, туристер ағынының өсуі және іскерлік байланыстардың кеңеюі ықпал етуде. «Қазақстан – Таиландтың Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі. Өңірмен жалпы тауар айналымының 70 пайызы біздің елімізге тиесілі. Әйтсе де әлеуетіміз әлі жеткілікті деп санаймыз. Қазіргі кезде Қазақстан нарығында 55 таиландтық компания тіркелген. Сізбен бірге елімізге үлкен бизнес-делегация келген екен. Қазақстан іскерлік байланыстардың нығаюын құптайды әрі Таиланд компанияларын еліміздегі инвестициялық мүмкіндіктерді қарастыруға шақырады», – деді Президент.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →