Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді •

    Кегендегі қанды қылмыс: Алматыда қаза тапқан полицей жеті баланың әкесі болған

    Кегендегі қанды қылмыс: Алматыда қаза тапқан полицей жеті баланың әкесі болған

    Алматыда қаза тапқан полиция қызметкері Аслан Әлсеровтың жеті баланың әкесі болғаны белгілі болды. Тергеу барысында оның өміріне қатысты бірқатар мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    37 жастағы аға жедел уәкіл Аслан Әлсеров 24 маусым күні жерленді.

    23 маусымда полицияға таулы аймақтан адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталды.

    КТК телеарнасының мәліметінше, қайғылы оқиға бірінші қабаттағы пәтерде болған. Қазір пәтердің есігі мөрленген. Алдын ала болжам бойынша, қылмыстан кейін марқұмның мәйіті қала сыртына шығарылып, Алматыдан 300 шақырым жердегі аумақта өртелген.

    Аслан Әлсеров аға жедел уәкіл қызметін атқарған. Оның жұбайы да құқық қорғау органдарында жұмыс істеген. Ерлі-зайыптылар 15 жыл бірге өмір сүріп, жеті бала тәрбиелеген. Ұлдары спортпен айналысқан. Көршілері Әлсеровтер отбасы туралы жақсы пікірде. 24 маусым күні полиция қызметкері жер қойнына тапсырылды.

    «Полиция адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы жасаған адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдіктілерге 15 жылдан бастап бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», – делінген телеарна сюжетінде.

    Ресми мәлімет бойынша, іс бойынша екі күдікті бар. Олар – марқұмның жұбайы мен олардың 14 жастағы ұлы.

    Фото: ozgeris.info

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →