Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Таразда көзінен айырылған оқушы ісінен соң жасөспірім 7 жылға сотталды • Қар аралас жаңбыр: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Таразда көзінен айырылған оқушы ісінен соң жасөспірім 7 жылға сотталды • Қар аралас жаңбыр: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды •

    Маңғыстау облысында қант диабетіне шалдыққан тұрғындар саны көбейді

    Маңғыстау облысында қант диабетіне шалдыққан тұрғындар саны көбейді

    Фото: Depositphotos.com

    Маңғыстау облысында жыл басынан бері қант диабетімен сырқаттану көрсеткіші өскен. 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда науқастар саны 40 адамға артқан. Бұл туралы Qazaqtoday.info агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Баян Сатқанбаеваның айтуынша, балалар арасындағы қант диабеті бойынша жағдай тұрақты деңгейде сақталып отыр.

    «Осы жылдың алғашқы тоқсанында Маңғыстау облысында қант диабетінің 503 жағдайы тіркелді. Оның ішінде сегізі балалар арасында анықталды. Жасөспірімдер арасында жаңа жағдайлар тіркелген жоқ. Ал 2025 жылдың осы кезеңінде 463 жағдай тіркелген болатын, оның сегізі балаларға, үшеуі жасөспірімдерге тиесілі еді. Осылайша, өңірде балалар арасындағы қант диабетімен сырқаттану деңгейі тұрақты күйінде қалып отыр», – деді Баян Сатқанбаева.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →