Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті •

    Жауапсыздықтың жазасы: Көкшетауда жалғызбасты ананы көлікпен қағып өлтірген әйел сотталды

    Жауапсыздықтың жазасы: Көкшетауда жалғызбасты ананы көлікпен қағып өлтірген әйел сотталды

    Фото: видео скриншот

    Көкшетауда жүргізуші куәлігі жоқ әйел көлікпен жаяу жүргіншіні қағып, оның өліміне себепкер болғаны үшін 2,5 жылға сотталды. Алайда екі кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты сот оның жазасын өтеуді үш жылға кейінге шегерді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Көкшетауда жүргізуші куәлігі болмаса да көлік тізгініне отырып, тұрғын үй ауласында жаяу жүргіншіні қағып кеткен әйелге қатысты сот үкімі шықты. Жол апаты мамыр айында болған. Әйел көлікпен аулаға бұрылып келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шеккен әйел ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмған.

    Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Оның айтуынша, күйеуінің денсаулығы сыр бергендіктен және оның рұқсатымен рөлге отырған. Алайда оның жүргізуші куәлігі болмаған.

    Сот әйелді 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Дегенмен оның екі кәмелетке толмаған баласы бар болғандықтан, жазаны өтеу мерзімі үш жылға кейінге шегерілді.

    Сот әйелдің бұрын қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын, жасаған ісіне өкінгенін және моральдық шығынды өтегенін ескерді.

    Сондай-ақ марқұмның туыстары оны бас бостандығынан айырмауды сұраған.

    Бұдан бөлек, көлік иесі сотталушының жұбайына қатысты да тергеу жүріп жатыр. Ол жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлік басқаруға рұқсат берген. Қайтыс болған әйел 52 жаста болған. Ол 12 жастағы қызын жалғыз тәрбиелеп келген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →