Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне жеделхат жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне Рас-Лаффандағы оқиғаға байланысты көңіл айтып, іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдірді.
Мемлекет басшысы Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның жарақат алуына және із-түзсіз жоғалуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында: «Осындай қиын сәтте Қатарға тілектеспіз және адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіреміз», – деп жазды.
