Президент: Жаңа Ата заңымызда денсаулық сақтау мәселесіне айрықша мән берілді
Президент жаңа Ата заңында денсаулық сақтауға ерекше мән берілгенін, ұлт саулығы ұғымына кең ауқымда назар аударылғанын айтты.
Мемлекет басшысы жаңа Ата заңында денсаулық сақтау мәселесіне ерекше назар аударылғанын айтты. Бұл туралы Президент өз сөзінде ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аударылғанын атап өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Конституцияда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және табиғи байлыққа ұқыпты қарау қағидаттары айқындалған. Бұл адам өмірін сақтау медицина мамандарының міндеті ғана емес, тұтас қоғамның жауапкершілігі екенін көрсететін маңызды қадам болды.
