Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 21 қыркүйек 2026 $ 447,2 513,7 5,32
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысында бала көлік астына түсіп, мерт болды Мессидің трансферіне кедергі келтірген кім? Үкіметте «Таза Қазақстан» аясындағы Президент тапсырмаларын орындау мәселесі талқыланды Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жетті Әсел Қанай каратэден Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді Алматы облысында бала көлік астына түсіп, мерт болды Мессидің трансферіне кедергі келтірген кім? Үкіметте «Таза Қазақстан» аясындағы Президент тапсырмаларын орындау мәселесі талқыланды Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жетті Әсел Қанай каратэден Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді

    Қарызға батқан «ҚТЖ»: топ-менеджерлердің жалақысы неге жоғары?

    ҚТЖ топ-менеджерлерінің жалақысы 4,5 млн теңгеге жетсе, қатардағы қызметкерлердің табысы ондаған есе аз. Компания қарызы 4,7 трлн теңге. Толығырақ Qazaqtoday.info сайтында.

    Қарызға батқан «ҚТЖ»: топ-менеджерлердің жалақысы неге жоғары?

    «Қазақстан темір жолы» компаниясындағы топ-менеджерлер мен қатардағы қызметкерлердің жалақы айырмашылығы қоғамда дау тудырып отыр. Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов үкімет кулуарында журналистерге түсінік берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    БАҚ өкілдері басшылықтың айына орта есеппен 4,5 миллион теңге алатынын, ал қатардағы жұмысшылардың табысы одан ондаған есе аз екенін сынға алды. Алдыбергенов миллиардтық сома компанияның 19 топ-менеджерінің ресми жалақысы мен салықтары екенін түсіндірді. Ол сыйақы төлеуді ҚТЖ-ның таза пайдасы 340 миллиард теңгеге жеткенімен байланыстырды. Сондай-ақ, өндірістік персоналға 2024 жылы 60 млрд теңге, ал 2025 жылы 100 млрд теңгеден астам сыйақы берілгенін айтты.

    Дегенмен, компанияның жалпы қарызы 4,7 триллион теңгені құрайды. Табыстың артуы жолаушылар билеті бағасының 7 пайызға қымбаттауымен де байланысты. Компанияда 100 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бөлінген 100 миллиард теңге сыйақы жалпы штатқа шаққанда үлкен көлемдегі қосымша табыс әкелмейді, сондықтан қатардағы жұмысшылардың негізгі айлығы төмен күйінде қалып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →