Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Лукашенко Зеленскийден кешірім сұрауға дайын

    Беларусь президенті Александр Лукашенко Украина президенті Владимир Зеленскийге қатысты айтқан өткір сөздері үшін кешірім сұрауға дайын екенін мәлімдеді.

    Лукашенко Зеленскийден кешірім сұрауға дайын

    Беларусь президенті Александр Лукашенко Украина президенті Владимир Зеленскийге қатысты айтқан өткір сөздері үшін кешірім сұрауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    «Егер Владимир Александрович бұл сөздеріме ренжіген болса, мен кешірім сұраймын. Мүмкін, соғыс жағдайында жүрген адамға қатысты бұлай айтпауым керек еді. Бірақ ол да біздің жақтың ұстанымын түсінуі тиіс», — деді Лукашенко Al Arabiya арнасына берген сұхбатында.

    Сонымен қатар Лукашенко Беларусьтің Украинамен соғысқысы келмейтінін айтты. Оның сөзінше, қақтығыс болған жағдайда Беларусь аумағындағы маңызды өндірістік, логистикалық және инфрақұрылымдық нысандар соққы астында қалады. Ол украиналық әскери күштер Беларусь аумағындағы 500 нысанды белгіледі деп мәлімдеді.

    Еске салайық, 31 мамырда Лукашенко Украина билігінің Беларусьтегі 500 нысана туралы мәлімдемесіне пікір білдіріп, Зеленскийдің «бірдеңе шегіп немесе ине салдырып алған болуы мүмкін» деп айтқан еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →