Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматылық радиожүргізуші Шакираның Бишкектегі концерті мен қырғыз халқының қонақжайлылығын тамсанды • Қазақстан қылышшылары Францияны жеңіп, Әлем кубогының финалына шықты • Шетелде жұмыс іздеушілерді алаяқтардан сақтандырды • Әлем үшінші дүниежүзілік соғысқа байқаусыз жақындап бара ма? Financial Times талдауы • Қостанай облысында екі шетелдік заңбұзушы елден шығарылады • Қазақстан семсершілері әлем кубогының финалына шықты • Алматылық радиожүргізуші Шакираның Бишкектегі концерті мен қырғыз халқының қонақжайлылығын тамсанды • Қазақстан қылышшылары Францияны жеңіп, Әлем кубогының финалына шықты • Шетелде жұмыс іздеушілерді алаяқтардан сақтандырды • Әлем үшінші дүниежүзілік соғысқа байқаусыз жақындап бара ма? Financial Times талдауы • Қостанай облысында екі шетелдік заңбұзушы елден шығарылады • Қазақстан семсершілері әлем кубогының финалына шықты •

    Шымкентте 14 жастағы бала 12 метрлік құдыққа құлап кетті

    Шымкент қаласында 14 жастағы жасөспірім 12 метрлік құдыққа құлап кетті. ТЖМ құтқарушылары баланы аман-есен шығарып, дәрігерлерге тапсырды.

    Шымкентте 14 жастағы бала 12 метрлік құдыққа құлап кетті

    Сурет: tengrinews.kz

    Шымкентте 14 жастағы жасөспірім жеке үйдің ауласындағы тереңдігі 12 метрлік құдыққа құлап кетті. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құдықтың іші құрғақ болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар баланы аман-есен шығарып алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Оқиға орнына шұғыл жеткен ТЖМ қызметкерлері арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен құтқару операциясын жүргізді. Құдықтан шығарылған зардап шегуші жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

    Осыған байланысты құтқарушылар азаматтарға балаларды қараусыз қалдырмау және олардың қауіпсіздігін үнемі қадағалау қажеттігін ескертті. Ведомство өкілдері әсіресе ашық құдықтарға, люктерге және басқа да қауіпті нысандарға ерекше назар аударуға кеңес берді.

    Бұған дейін Ақтөбеде де осындай жағдай тіркелген болатын. Ол кезде 7 жасар бала үйінің маңындағы ашық құдыққа түсіп кеткен. Жарты сағаттай жер астында жатқан баланың көмек сұраған даусын жанынан өтіп бара жатқан студент естіп, құтқарып қалған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →