Фото: Видеодан скрин
Қарағанды облысы, Нұра ауданында шегірткенің жаппай қаптауы тіркелді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардан зиянкестердің үлкен үйірмен қозғалып, егістік алқаптарына қарай бет алғанын анық көруге болады.
Бұл ақпаратты агроөнеркәсіп саласының мамандары да растап отыр. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (АШТӨ) егістікті, әсіресе алқап шеттері мен тың жерлерге жақын учаскелерді шұғыл тексеру ұсынылды. Шегіртке қаптаған ошақтар анықталған бойда инсектицидтермен химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу қажет. Әйтпесе, биылғы өнімнен мүлдем айырылып қалу қаупі жоғары.
Мамандардың сөзінше, жағдай тұрақты бақылауды қажет етеді.
