Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Қостанайда білім бөлімінің басшысы ұсталды: ол ақша жымқырды деп айыпталуда

    Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. ҰҚК тергеу жүргізіп жатыр.

    Қостанайда білім бөлімінің басшысы ұсталды: ол ақша жымқырды деп айыпталуда

    Гульсим Уразбаева. Фото:gov.kz

    Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл ақпаратты облыстық прокуратура растады деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті қалалық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Олар өзге тұлғалармен топтасып, мектептерге бөлінген бюджет ақшасын жымқырған деп айыпталуда. Гүлсім Оразбаева аталған бөлімді 2023 жылдан бері басқарып келген.

    «Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінде («Алаяқтық») көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Г. Оразбаева ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — деп хабарлады Қостанай облыстық прокуратурасы.

    Прокуратураның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар тергеу әрекеттері, оның ішінде лауазымды тұлғалардың тұрғылықты жері мен жұмыс орнында тінту жүргізілген.

    Бұған дейін желіде Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Шенеунік жұмыс орнында ұсталғаны айтылған еді. ҰҚК Келесовке қатысты тергеу жүріп жатқанын растаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →