Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 15 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев пен Димаш 2027 жылғы әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылман қатарында • Айгүл Иманбаева: келін ата-енені де тәрбиелейді • Саят Медеуовтің тойдағы фотосы желіде талқыға түсті • Ақ үй Трамп, Путин және Си Цзиньпиннің Шэньчжэньде кездесетінін хабарлады • «Қазақмыс» «Парыз–2026» байқауында үздік әлеуметтік жоба атанды • Ғылымға бөлінген миллиардтар: Жоғары аудиторлық палата ауқымды заңбұзушылықтарды анықтады • Тоқаев пен Димаш 2027 жылғы әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылман қатарында • Айгүл Иманбаева: келін ата-енені де тәрбиелейді • Саят Медеуовтің тойдағы фотосы желіде талқыға түсті • Ақ үй Трамп, Путин және Си Цзиньпиннің Шэньчжэньде кездесетінін хабарлады • «Қазақмыс» «Парыз–2026» байқауында үздік әлеуметтік жоба атанды • Ғылымға бөлінген миллиардтар: Жоғары аудиторлық палата ауқымды заңбұзушылықтарды анықтады •

    Димаш Құдайбергеннің әкесі жоғары марапатқа ие болды

    Димаш Құдайбергеннің әкесі жоғары марапатқа ие болды

    Қанат Айтбаев «Парасат» орденімен марапатталды, деп хабарлайды QazaqToday.info  сайты.

    Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында белгілі композитор, продюсер және «ДимашАли» шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаев «Парасат» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыс етті.

    «Парасат» ордені елімізде ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер салаларын дамытуға сіңірген айрықша еңбегі, сондай-ақ мемлекеттің рухани және зияткерлік әлеуетін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін беріледі.

    Марапат Қанат Айтбаевтың отандық мәдениет пен өнерді дамытуға, сондай-ақ қазақ музыкасын халықаралық деңгейде насихаттауға қосқан үлесі үшін берілді. Ресми салтанатты рәсімге қатыса алмағандықтан, орден иесіне арнайы жұмыс кездесуі барысында табысталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →