Коллаж: qazaqtoday.info
Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның немересі Зейін Оқапов концерт кезінде сахнаға шығып, көпшілікті тәнті етті, хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Өнер иесінің келіні, әнші Ақерке Бүркітбай желідегі парақшасында жазба жариялап, сол сәтте Зейіннің ашылып өнер көрсететінін мүлде күтпегенін айтты.
«Бүгінгі тосын сыйымыз. Шынымды айтсам, Зейін сахнада осылай өнер көрсетеді деп күтпедік. Арнайы дайындық та болған жоқ. Бірақ сахнаға шыққанда күнде мыңдаған халықтың алдына шығып жүргендей өзін еркін ұстады. Біз үшін бұл үлкен қуаныш пен мақтаныш. Алғашқы кішкентай қадамдарың үлкен жетістіктерге бастасын, ботам!» – деп Ақерке Бүркітбай ақ тілегін жеткізді.
Желі қолданушылары Зейіннің халыққа бас иіп құрмет көрсеткеніне, өлең оқығанына сүйсініп, жылы лебіздерін білдірді.
«Тектіден текті туады», «Қазақша сөйлеген тіліңнен айналдық», «Әжесінің жолын берсін», «Жарайсың, Зейін», «Қанында өнер адамының қаны бар», «Сахнаның жұлдызы болады», – деп жазды оқырмандар.
