Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Атыраудағы отбасы өлімі: Ақбаянға қатысты соңғы дерек белгілі болды

    Атыраудағы отбасы өлімі: Ақбаянға қатысты соңғы дерек белгілі болды

    Фото: ІІМ

    Атырау облысындағы отбасының кісі өлтіру ісіне байланысты Ақбаян Мұқанғалиеваға жасалған психологиялық-психиатриялық сараптаманың алғашқы нәтижелері шықты. Мамандар оның жағдайын толық анықтау үшін қосымша тексеріс қажет екенін жеткізді. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Ақбаян Мұқанғалиева – негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемалиевтің бұрынғы әйелі және қаза тапқан зейнеткерлердің қызы. Ол психологиялық-психиатриялық сараптамадан өтті.

    Сараптама қорытындысына сәйкес, мамандар Ақбаян Мұқанғалиеваға әрі қарай бақылау жүргізу және қосымша диагностика қажет екенін атап өтті. Ал оның психикалық жағдайы туралы түпкілікті қорытынды әлі берілген жоқ.

    Оған қатысты материалдар қылмыс туралы хабарламағаны жөніндегі бап бойынша жеке іс жүргізуге бөлінген.

    Бастапқыда әйелді өз ата-анасы мен ағасының қатыгездікпен өлтірілуіне қатысы бар деп күдіктеген. Алайда кейін тергеу оның бұл қылмысқа тікелей қатыспаған деген қорытындыға келген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →