Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады Өскеменде 35 жастағы ер адам Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кетті Apple 9 қыркүйекте жаңа iPhone-дарды таныстырады Түркістанда өгей әке келіні мен ұлын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады Өскеменде 35 жастағы ер адам Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кетті Apple 9 қыркүйекте жаңа iPhone-дарды таныстырады Түркістанда өгей әке келіні мен ұлын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

    Тоқаев: «Мемлекет басшысы ретінде болған жағдай үшін кешірім сұраймын»

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтып, оларға жан-жақты қолдау мен көмек көрсетілетінін жеткізді, деп хабарлайды Qazaq.today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    «Мен сіздерге көңіл айту үшін арнайы келдім. Екіншіден, жан-жақты көмек көрсетілетінін айтуға келдім. Қаржылай да, басқа да көмек көрсетіледі. Балалар балабақшаға, ЖОО-ға орналастырылады – бәрі орындалады. Мен, әрине, сіздермен біргемін. Сіздер – еліміздің азаматысыздар. Мен сіздер үшін жауаптымын. Мен Мемлекет басшысы ретінде болған жағдай үшін кешірім сұраймын. Өте ауыр жағдай екенін түсінемін. Асыраушыларыңызды, отағасын, ең жақын туыстарыңызды жоғалттыңыздар. Өкінішке қарай, өмірде мұндай қайғылы жайттар болады. Мұны ақтайтын ешқандай себеп жоқ. Тағы да айтамын. Моральдық және материалдық көмек көрсетіледі», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →