Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Соғымға соймаңыздар»: Көкшетаудағы Саргүл есімді қой желіні сүйсінтті (ВИДЕО) • «Мама келіп, берекеміз артып жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесін көрсетті • Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімі заңсыз шығарылған • Құрылтайдың жаңа депутаты ант берді • Қазақстан Азия Пара ойындарында алғаш рет пара садақ атудан медаль жеңіп алды • Қазақстан құрамасы пара велоспорттан алтын медаль жеңіп алды • «Соғымға соймаңыздар»: Көкшетаудағы Саргүл есімді қой желіні сүйсінтті (ВИДЕО) • «Мама келіп, берекеміз артып жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесін көрсетті • Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімі заңсыз шығарылған • Құрылтайдың жаңа депутаты ант берді • Қазақстан Азия Пара ойындарында алғаш рет пара садақ атудан медаль жеңіп алды • Қазақстан құрамасы пара велоспорттан алтын медаль жеңіп алды •

    «49 рет пышақтаған»: Сәрсемәлиев үш кісіні қасақана жоспарлап өлтіргенін мойындады

    «49 рет пышақтаған»: Сәрсемәлиев үш кісіні қасақана жоспарлап өлтіргенін мойындады

    Фото: Tengrinews.kz

    Сот отырысында айыпталушы бірнеше ауыр қылмысты жасағанын ашық мойындады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Атырау облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Жангелдин ауылы тұрғындарының өліміне қатысты резонанстық іс бойынша сот тыңдауы жалғасты.

    Сот отырысы барысында айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев жауап беріп, айыптаудың бір бөлігімен ішінара келіспейтінін айтты. Ол Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты қасақана кісі өлтіру бабымен тағылған айыпты мойындамайтынын жеткізді. Оның сөзінше, бұл жағдай абайсызда болған және әрекеті өзін қорғау мақсатында жасалған. Ал өзге эпизодтар бойынша айыпталушы кінәсін ішінара немесе толық мойындады.

    Сәрсемәлиев Мақсот Қарабалинге тоғыз рет, Нәсіп Өтешқалиеваға сегіз рет, ал Мейрамгүл Қарабалинаға 32 рет пышақ салғанын мойындады. Сонымен қатар ол ұрлық, алаяқтық және құжаттарды заңсыз иемдену баптары бойынша да кінәсін мойындаған. Айтуынша, бұл әрекеттер қылмыс жасалғаннан кейін із жасыру мақсатында жасалған. Осылайша, 13 бап бойынша тағылған айыптардың ішінде Сәрсемәлиев тек Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты эпизодты ғана қасақана әрекет ретінде мойындамай отыр. Еске салайық, Жангелдин ауылындағы бірнеше адамның қаза болуына қатысты іс қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Тергеу нұсқасына сәйкес, қаза тапқандар айыпталушының бұрынғы жұбайының туыстары болған.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →