Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты

    Владимир Путин Астанаға мемлекеттік сапармен келді

    Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды елорда әуежайында өзі қарсы алды.

    Владимир Путин Астанаға мемлекеттік сапармен келді

    Сурет: inform.kz

    Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Ресей басшысының сапары аясында екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері талқыланады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Елорда әуежайында мәртебелі мейманды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды. Владимир Путиннің құрметіне құрмет қарауылы сап түзеді. Сонымен қатар Ресей Президентінің ұшағы мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап оны Қазақстанның Әуе қорғанысы күштерінің жойғыш ұшақтары алып жүрді.

    Ресей басшысымен бірге құрамында 30-дан астам адам, оның ішінде министрлер мен ірі компаниялардың басшылары бар ауқымды делегация келді. Қонақтар үшін салтанатты кездесу ұйымдастырылып, әуежайда қазақ және орыс халық әндері шырқалды. Сондай-ақ ұшу-қону жолағының үстінен Қазақстан мен Ресейдің туларын тікұшақтар алып ұшты.

    Сапар барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың қазіргі жағдайы мен оны нығайту перспективаларын талқылайды деп күтілуде. Бұдан бөлек, 28 мамырда Еуразиялық экономикалық форум, ал 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →