Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді Қазақстанның барлық өңірінде 7 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді Қазақстанның барлық өңірінде 7 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды

    Көшеде жарық жоқ: Қарағандыда студент қыз қаза тапты

    Көшеде жарық жоқ: Қарағандыда студент қыз қаза тапты

    Фото: видеодан скрин
    Университет көшесіндегі өшкен шамдар мен атқарушы биліктің селқостығы тағы бір қасіретке әкеп соқты.

    24 мамырға қараған түні бұл аумақта 20 жастағы студент қызды көлік қағып, ол тіл тартпастан кетті. Қарағандылықтар бұл учаскеде жарықтың сөніп тұрғанына бір аптадан асқанын айтып, дабыл қаққан еді. Ал қала әкімінің орынбасары Қайрат Қамзин жарықтың өшуіне жай ғана «қысқа тұйықталу» себеп болды деп ақталды.

    Полиция мердігер мен аудан әкімдігіне жарықты қосу туралы нұсқама бергенін айтып, жауапкершілікті сілтей салды. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аймақтағы барлық көше жарығын тексеруді тапсырды, бірақ бұл кешіккен шара екені анық. Осыдан бірнеше жыл бұрын дәл осы жерде тағы бір бойжеткен қаза тапқан болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →