Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді

Жатақханадағы жанжал: Алматыда студент қыз ауыр соққыға жығылды

Алматыда университет жатақханасында тұрмыстық жанжал соңы төбелеске ұласты. Екінші курс студенттерінен соққы алған қыз бас-ми жарақатымен ауруханаға түсті.

Жатақханадағы жанжал: Алматыда студент қыз ауыр соққыға жығылды

Алматыдағы университеттердің бірінің жатақханасында студент қызды басқа студенттер соққыға жығып, салдарынан ол ауруханаға жеткізілді. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, жәбірленуші бас-ми жарақатын алған, ал жанжалға тазалық мәселесі себеп болған деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Жәбірленуші Әзел Дарханның әлеуметтік желідегі жазбасына сәйкес, оқиға 17 желтоқсанда болған. Оның сөзінше, екінші курс студенттері оны қылқындырып, басын қабырға мен темір кереуетке ұрған. Сондай-ақ шашынан сүйреп, бөлмеден шығармай күш көрсеткенін айтады. Студент бұл жағдайға куә болғандардың ешқайсысы араша түспегенін де жазған.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақыртылып, зардап шеккен студентке «бас-ми жарақаты, гематомалар және басқа да дене жарақаттары» диагнозы қойылған. Осы жағдайға байланысты университет әкімшілігі де пікір білдірді. Білім ордасының хабарлауынша, ішкі тексеру қорытындысы бойынша тиісті тәртіптік шаралар қабылданған. Сонымен қатар университет жанжалға қатысушы екі тараптың да ата-аналарының құқық қорғау органдарында қызмет ететінін мәлімдеді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →