Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты • Ақтөбе облысындағы шахтада 24 жастағы жұмысшы ажал құшты • Шекарадағы кептеліс қашан бітеді? Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәселе Мәжілісте көтерілді • Өзбекстанға өтетіндер көбеймек: «Жібек жолы» бекеті тәулігіне 70 мың адам қабылдайды • Бір орталық – төрт бағыт: «Қазақмыс» өндірісті цифрлық басқаруға көшті • «Көргенсіз, ұятсыз»: Қайрат Нұртас тыңдарманына ренжіді • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты • Ақтөбе облысындағы шахтада 24 жастағы жұмысшы ажал құшты • Шекарадағы кептеліс қашан бітеді? Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәселе Мәжілісте көтерілді • Өзбекстанға өтетіндер көбеймек: «Жібек жолы» бекеті тәулігіне 70 мың адам қабылдайды • Бір орталық – төрт бағыт: «Қазақмыс» өндірісті цифрлық басқаруға көшті • «Көргенсіз, ұятсыз»: Қайрат Нұртас тыңдарманына ренжіді •

    Шұғыл ота жасалды: Түркістанда 5 жастағы қызды ит талап тастады

    Шұғыл ота жасалды: Түркістанда 5 жастағы қызды ит талап тастады

    Фото: depositphotos.com

    Түркістан облысы, Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауылында қаңғыбас ит 5 жасар қызды тістеп, бала ауыр жарақат алды, деп хабарлайды 24KZ-ке сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Оқиға кезінде қыз басқа балалармен ойнап жүрген. Кенеттен қаңғыбас ит балаларға тап беріп, қызды тістеп алған. Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, оған ота жасалған. Дәрігерлер оның бет және бас аймағынан ауыр жарақат алғанын, травматикалық шок жағдайында болғанын айтады. Қазіргі таңда жағдайы тұрақты, қажетті ем алып жатыр. Алайда, дәрігерлердің айиуынша, болашақта пластикалық операция қажет болуы мүмкін.

    Аудан тұрғындары мұндай жағдайлардың бұрын да тіркелгенін айтады. Соңғы уақытта елді мекенде қаңғыбас иттердің шабуылы жиілеген. Аудан әкімдігінің мәліметінше, қаңғыбас иттерді аулау және жою жұмыстарына бюджеттен 6,5 млн теңге бөлінген. Жыл басынан бері 50-ге жуық ит ауланған. Бірақ, осы оқиғаға қатысты иттің иесі әлі анықталмаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →