Тонаудың жаңа деңгейі: Beeline Kazakhstan абоненттердің ақшасын қалай заңды түрде «ұрлап» отыр?

Фото: BES.media

Неліктен Beeline-ға сенсек, баланстағы мыңдаған теңгеміз бірнеше сағатта түгі қалмай күйіп кетеді? Байланыс алпауытының халықты ашықтан-ашық тақырға отырғызу схемасы әшкере болды.

Бүгінде ұялы байланыс операторларының өз білгенін істеп, қарапайым халықтың қалтасын қағуы шегіне жетті. Әсіресе, Beeline Kazakhstan компаниясының абоненттерді тонауға бағытталған қулықтары халықтың ыза-ашуын тудырып отыр. Олар тариф уақытылы жаңартылмаған сәтте адамдарды саналы түрде шығынға батырудың айлакер жүйесін құрып алған.

5000 теңге бірнеше сағатта қайда кетеді? Beeline-ның «тұзағы»

Елестетіп көріңіз: сіздің ай сайынғы тарифіңіз 8 000 теңге. Төлем жасайтын күні теңгеріміңізде 5 000 теңге тұрды, яғни тарифтің толық құнына 3 000 теңге жетпей қалды.

Кез келген әділ әрі адамгершілігі бар компания не істер еді? Төлем жетпегендіктен қызметті уақытша тоқтатып: «Құрметті абонент, тарифіңізді белсендіру үшін тағы 3 000 теңге салыңыз» деп ескертер еді. Бірақ Beeline олай істемейді! Олар сізге жетпей тұрған соманы жайбарақат қана қосып салуға мүмкіндік бермей, бірден ең қымбат, тонаушылық базалық тарифтеуге (мегабайтпен есептеуге) автоматты түрде ауыстырып жібереді. Нәтижесі қандай? Сіз ештеңе сезбей, әдеттегідей интернетті қосып, әлеуметтік желіні бір-екі шолып шығасыз немесе қысқа видео көресіз. Ал бұл уақытта Beeline сіздің әлгі баланстағы 5 000 теңгеңізді бірнеше сағаттың ішіндетіпті санаулы минуттарда сорып алады! Ақшаңыз көз ілеспес жылдамдықпен күйіп кетеді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика