Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы Uly Dala Fest келушілері кезек пен концерттің кешігуіне шағымданды • Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада бесінші орында • Beeline интернетінің сапасына қатысты халық наразылығы күшейді • 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Астанадағы Uly Dala Fest келушілері кезек пен концерттің кешігуіне шағымданды • Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада бесінші орында • Beeline интернетінің сапасына қатысты халық наразылығы күшейді • 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады •

    Астанаға ерекше мәртебе беру жөнінде Конституциялық заң қабылдаудың қажеті жоқ еді — Ермұрат Бәпи

    Астанаға ерекше мәртебе беру жөнінде Конституциялық заң қабылдаудың қажеті жоқ еді — Ермұрат Бәпи

    Фото: Мәжіліс

    Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Астанаға ерекше мәртебе беру туралы Конституциялық заңның қабылдануына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, мұндай заңды қабылдау аса қажет болмаған. Алайда бұл шешімді саяси билік қабылдағандықтан, оның өзіндік себептері бар деп есептейді.

    “Астанаға ерекше мәртебе беру жөнінде Конституциялық заң қабылдаудың қажеті жоқ еді. Бірақ енді мемлекеттің саяси билігі солай шешкен екен. Оның да бір өз уәжі бар шығар деп ойлаймын” — деді депутат.

    Сонымен қатар Бәпи ел астанасы болғандықтан, Астананың белгілі бір деңгейде ерекше статусы болуы заңды құбылыс екенін де атап өтті.

    Депутаттың сөзінше, заң жобасын талқылаған комиссия мүшелері арасында да түрлі көзқарас болған. Кейбірі елорданың саяси және стратегиялық рөлін күшейту қажет десе, енді бірі мұндай бастаманың қоғамда артық талқы туғызатынын айтқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →