Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Мұстафа Есентайұлы Армениядағы халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы атанды • Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Мұстафа Есентайұлы Армениядағы халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы атанды • Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты •

    Шошқа асырайды: Сәтбаевта халық ішетін судың бастауына біреулер доңыз баққан

    Шошқа асырайды: Сәтбаевта халық ішетін судың бастауына біреулер доңыз баққан

    Фото: arasha.kz

    Сәтбаев қаласының маңындағы Лақпай бұлағының бойында жергілікті жұрттың жағасын ұстатқан жағдай орын алды.

    Тұрғындардан редакциямызға ашу-ызаға толы үндеу мен бейнежазба келіп түсті. Олардың айтуынша, осы ағын судың бас жағында шошқа қора орналасқан. Ал дәл сол судың төменгі ағысынан ауылдың төрт түлігі су ішіп, нәпақасын айырып отыр.

    Бұл жағдайдың санитарлық талаптарға еш жанаспайтынын айтып, халық әбден мазасыздануда.

    «Лас судан уланған малдың еті мен сүті ертең бәріміздің дастарханымызға келетіні анық. Осы мәселеге байланысты жұртшылықтың көкейінде «Бұл қаншалықты қауіпсіз?» деген жалғыз сұрақ тұр. Тұрғындар құзырлы органдар мен санитарлық мамандардан шұғыл түрде тексеріс жүргізуді талап етеді», — деді ашулы тұрғындар.

    Ъалық Сәтбаев билігінен экологиялық және санитарлық бассыздыққа жауап беруін талап етуде. Желі қолданушылары бұл бейнежазбаға қатысты өз наразылықтарын жаппай білдіріп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →