Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы Uly Dala Fest келушілері кезек пен концерттің кешігуіне шағымданды • Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада бесінші орында • Beeline интернетінің сапасына қатысты халық наразылығы күшейді • 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Астанадағы Uly Dala Fest келушілері кезек пен концерттің кешігуіне шағымданды • Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада бесінші орында • Beeline интернетінің сапасына қатысты халық наразылығы күшейді • 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады •

    Бас мүфтидің базынасы: дінбасы Құрбан айт қарсаңында мал бағасын көтермеуге шақырды

    Бас мүфтидің базынасы: дінбасы Құрбан айт қарсаңында мал бағасын көтермеуге шақырды
    Фото: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
    Биыл мерекенің бірінші күні 27 мамырға сай келіп отыр. Бұл жөнінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында өткен баспасөз конференциясында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    «Бағзы заманнан бері Ислам дінін рухани тірегіне айналдырған халқымыз Құрбан айтты айрықша дайындықпен қарсы алған. Малдың ең үлкенін әрі жақсысын құрбандыққа шалып, құрбандық етін көмекке мұқтаж жандарға тарату, қонақ күтіп, үлкеннің батасын алу, сыйлық-кәде беру, ренжіткен жанды кешіру, отбасын қуанышқа кенелту сынды амалдар — дәстүрімізде қалыптасқан ізгі құндылықтар», — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

    Сонымен бірге ол Құрбан айт қарсаңында мал бағасын қымбаттатпауға шақырды.

    «Құрбан айт тек діни мереке ғана емес, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтатын, қайырымдылықты паш ететін рухани мейрам. Осы орайда еліміздегі барша кәсіпкер азаматты Құрбан айтта мал құнын қолдан көтермей, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, оңтайлы баға ұсынуға, жұртымыз күнде тұтынатын азық-түлікке мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін», — деді Бас мүфти.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →