Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Челси» Дастан Сатпаевтың болашағы туралы шешім қабылдады АҚШ-та 16 баланы төрт жыл бойы үйде ұстаған отбасы ұсталды Қазақстанда 6 шілдедегі ауа райы болжамы Эрлинг Холандтың дублі: Норвегия Боазилияны жеңіп 1/4 финалға шықты Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? «Челси» Дастан Сатпаевтың болашағы туралы шешім қабылдады АҚШ-та 16 баланы төрт жыл бойы үйде ұстаған отбасы ұсталды Қазақстанда 6 шілдедегі ауа райы болжамы Эрлинг Холандтың дублі: Норвегия Боазилияны жеңіп 1/4 финалға шықты Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы?

Қарағандыдағы қайғылы оқиға: жасөспірім 8 жастағы қызды мотоциклмен қағып өлтірді

Қарағандыдағы қайғылы оқиға: жасөспірім 8 жастағы қызды мотоциклмен қағып өлтірді

Фото: istockphoto.com

Қарағандыда 17 жастағы жасөспірім мотоциклмен сегіз жастағы қызды қағып кетіп, бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 9 мамыр күні Көкпекті станциясында болған.

Полиция дерегіне сәйкес, кәмелетке толмаған жасөспірім «Эндуро» маркалы мотоциклді басқарып келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Алған жарақатынан бала оқиға орнында қайтыс болды. Ал кәмелетке толмаған жүргізуші түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, – деп мәлімдеді ведомство.

Оқиға туралы ақпарат кейінірек белгілі болған. Еkaraganda.kz басылымы полицияға ресми сауал жолдағаннан кейін ғана мәлімет жарияланған.

Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасына қатысты да бөлек қылмыстық іс тіркелді. Олар көлік жүргізу құқығы жоқ адамға транспорт басқаруға рұқсат беріп, абайсызда адам өліміне әкелді деген күдікке ілінген.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика