Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Челси» Дастан Сатпаевтың болашағы туралы шешім қабылдады АҚШ-та 16 баланы төрт жыл бойы үйде ұстаған отбасы ұсталды Қазақстанда 6 шілдедегі ауа райы болжамы Эрлинг Холандтың дублі: Норвегия Боазилияны жеңіп 1/4 финалға шықты Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? «Челси» Дастан Сатпаевтың болашағы туралы шешім қабылдады АҚШ-та 16 баланы төрт жыл бойы үйде ұстаған отбасы ұсталды Қазақстанда 6 шілдедегі ауа райы болжамы Эрлинг Холандтың дублі: Норвегия Боазилияны жеңіп 1/4 финалға шықты Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы?

Ақтөбеде матчта доп тиген келіншек: «Истеричка емеспін, қауіптің алдын алғым келеді»

Ақтөбеде футбол матчы кезінде басынан жарақат алған көпбалалы ана желідегі сынға жауап беріп, көрермендердің қауіпсіздігі мәселесін көтерді.

Ақтөбеде матчта доп тиген келіншек: «Истеричка емеспін, қауіптің алдын алғым келеді»

Сурет: newtimes.kz

Ақтөбеде өткен футболдан Премьер-лига матчы кезінде көпбалалы ананың басына доп тиіп, жабық бас-сүйек ми жарақатын алды. Оқиғадан кейін әлеуметтік желіде басынан өткенін бөліскен келіншек жұртшылықтың сынына ұшырағанын айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Оқиға жергілікті «Ақтөбе» мен өскемендік «Алтай» футбол клубтары арасындағы ойын кезінде болған. Қала тұрғыны Аянай Елтоқова күйеуімен және 10 жасар ұлымен бірге трибунаның екінші қатарында отырған. Ол ойыншылардың шабуылын телефон камерасына түсірмек болған сәтте, алаңнан ұшқан доп оның басына қатты жылдамдықпен тиген.

Басынан қан кеткен зардап шегушіні стадионнан шұғыл алып шығып, ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер оған «жабық бас-сүйек ми жарақаты» диагнозын қойды. Әйелдің айтуынша, қазір ол бас ауруы мен ұйқысыздықтан зардап шегіп жүр және денсаулығына ұзақ мерзімді зардаптар тиюі мүмкін деп алаңдайды. Зардап шегуші спорт кешенінің әкімшілігі көрермендердің тиісті қауіпсіздігін қамтамасыз етпеді деп санайды.

Алайда әлеуметтік желіде қолдаудың орнына, келіншек көптеген қолданушының сөгісіне тап болған. «Пікір жазушылар: «Доп жиі тиеді, ешкім шағымданбайды» дейді. Меніңше, ешкімнің шағымданбайтын себебі – ұят. Қазір маған айтып жатқандай: «Сіз истеричкасыз». Мен истеричка емеспін. Мен болашақта осындай қауіпті жарақаттың алдын алғым келеді. Себебі, қайталап айтамын, мен ересек адаммын, барлық жағдайды ескеріп, өзімді ұстап қала алдым», — деп түсіндірді Аянай Елтоқова.

«Ақтөбе» футбол клубы бұл оқиға команда тарихындағы бірлі-жарым жағдай екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта клуб пен стадион басшылығының өкілдері жағдайды сотқа дейін реттеуге тырысуда. Доп тепкен ойыншысы бар Өскемен командасы да кешірім сұрады. «Біз ресми түрде кешірім сұрадық, кездесуге уағдаластық. Оған және күйеуіне бір жылдық абонемент пен «Ақтөбе» ФК жейделерін сыйлаймыз. Стадионда тор ешқашан қойылмайды. Халықаралық стандарттар бойынша да торлар тек қақпаның артына орнатылады», — деді «Ақтөбе» ФК медиа-офицері Әсет Жомарт.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика