Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті •

    Қазақтың прайм-эрасы басталды ма?: Ерлан Қарин Президент жайлы жазба жариялады

    Қазақтың прайм-эрасы басталды ма?: Ерлан Қарин Президент жайлы жазба жариялады

    Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин елімізде жүріп жатқан реформалар мен жаңару үдерісі туралы пікір білдірді, деп хабарлай Qazaqtoday.info порталы. 

    Қариннің пікірінше, қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар нақты нәтиже беріп жатыр. Өңірлерде жаңа автожолдар, теміржолдар, әуежайлар, сапаржайлар мен көпірлер салынып, халық игілігіне берілуде.

    Ол бұл жобалардың басты мақсаты – қарапайым халықтың өмір сапасын жақсарту екенін атап өтті. Президенттің ұстанымы да дәл осы бағытқа негізделген.

    Сонымен қатар ол елдегі оң өзгерістер алдағы уақытта да жалғасатынын, жаңа жобалар әлі де көп жүзеге асатынын айтты.

    Қариннің сөзінше, ең үлкен жетістіктердің бірі – қоғамдағы сананың өзгеруі. Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын жалпыұлттық құндылық ретінде қалыптастыруға күш салып отыр. Оның айтуынша, бұл құндылықтар әр азаматтың күнделікті әдетіне айналуы тиіс.

    Сөз соңында ол жастар айтып жүргендей, «қазақтың прайм-эрасы басталды» деген пікірге сенетінін жеткізді.

    Фото: akorda

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →