Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық блогер Дональд Трамптың үлкен ұлына шапан жапты (ВИДЕО) Майами әуежайында ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты Асхат Асылбеков қазіргі вице-президент Ерлан Қарин үшінші президент болуы мүмкін екенін айтты (ВИДЕО) Тоқаев Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады Жезқазғанда аула қараусыз қалған: тұрғын асфальт пен жарық мәселесін көтерді Мүфтият Құран жарысынан бірінші орын алған жас қариге көлік мінгізді (ФОТО) Қазақстандық блогер Дональд Трамптың үлкен ұлына шапан жапты (ВИДЕО) Майами әуежайында ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты Асхат Асылбеков қазіргі вице-президент Ерлан Қарин үшінші президент болуы мүмкін екенін айтты (ВИДЕО) Тоқаев Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады Жезқазғанда аула қараусыз қалған: тұрғын асфальт пен жарық мәселесін көтерді Мүфтият Құран жарысынан бірінші орын алған жас қариге көлік мінгізді (ФОТО)

    СҚО-да бірнеше мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды

    СҚО-да бірнеше мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды

    Қызметкерлердің әрекеті қызметтік әдеп нормаларын өрескел бұзу ретінде бағаланған, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы..

    Ресми дерекке сәйкес, былтыр Тайынша, Ақжар және Есіл аудандары әкімдіктерінде жұмыс істеген 6 қызметкер лудоманияға байланысты қызметінен шеттетілген. Ал 2026 жылдың басынан бері тағы 3 мемлекеттік қызметкер дәл осы себеппен жұмыстан шығарылған.

    Ведомство өкілдері құмар ойындарға тәуелділік мемлекеттік қызмет саласында өзекті мәселеге айналып отырғанын атап өтті. Олардың айтуынша, бәс тігу мен казиноға әуестік тек қызметкер беделіне нұқсан келтіріп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін де арттыруы мүмкін.

    Қазақстан заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметкердің әдеп нормаларына қайшы әрекеттері, соның ішінде құмар ойындарға қатысуы тәртіптік жауапкершілікке және қызметтен босатуға негіз бола алады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →